Жастар

Құрбан айттағы қайырымдылық

Демеушілердің қолдауымен, сондай-ақ хромтаулық волонтер жастардың атсалысуымен ұлық мерекеде 400-ден астам отбасыға ет таратылды.

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Құрбан айттың бірінші күнінде аудан бойынша 3 ірі қара, 112 қой сойылып, 418 мұқтаж отбасыға құрбан еті үлестірілген. Жалпы көлемі 2 тонна 90 кг ет таратылды.

«Нұр» мешіті биылғы қайырымдылық шарасын елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып өткізді. Бұрын мұқтаж отбасылар  құрбандыққа шалынған мал етін мешітке келіп алатын. Биыл аудан жастары етті тізім бойынша әр үйге апарып берді. Хромтау қаласы бойынша айттың бірінші күні 1 ірі қара, 15 қой, 5 тоқты, 10 ешкі малы сойылып, 45 отбасыға таратып бердік. Барлық демеушілер мен ет таратуға үлес қосқан ауданның белсенді жастарына рақмет айтамыз. Барша мұсылман жұртының қасиетті мерекесі — Құрбан айт құтты болсын! — дейді «Қаһарман» қоғамдық бірлестігінің басшысы Фархад Сағынбай.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button