Әкімдер сайлауы

Басшымызды өзіміз таңдаймыз

Бибігүл Шындәулетова,

ауыл тұрғыны.

Президентіміздің ауыл әкімдерін сайлау туралы шешімі қоғам талабына қарай туындап отыр. Бұл сайлаушылардың өздерінің конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділігін арттырады. Нағыз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге асып жатыр. Әкімдік тарапынан ауқымды жұмыстар жасалуда.

Округтегі 4 мектептің екеуі жаңадан салынып, біреуі күрделі жөндеуден өтті. Халықтың басты талабы жол мәселесі шешіліп, жөндеу жұмыстарын көріп отырмыз. Бұрынғы қаңырап тұрған саябақтың орнына жаңа үлгімен спорт алаңдары салынды. Алдағы сайлауда халықтың қойған талабын ескеріп, ауылдың болашағын ойлайтын әкімді өзіміз сайлаймыз. Жалғыздың үні шықпайды, сондықтан халық әкіммен бірге жұмыс істеуі тиіс. Бұл сайлау осыны аңғартады.

 Ойыл ауданы.

Көптоғай ауылы.

ОҢ БАСТАМА

Биыл Қазақстанның саяси тарихында жағымды жаңалық болғалы тұр. Себебі ауыл және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау өтеді. Бұл сайлаудың арқасында ауыл тұрғындары мен ауыл басшыларының арасында жаңа қарым-қатынасқа жол ашылғалы тұр. Халық өзі сайлаған әкімге сенетіні, үлкен үміт артатыны хақ.

Біз, ауыл жастары, бұл бастаманы қолдаймыз. Сайланғалы тұрған барша ауыл әкімдерінің халық үшін аянбай тер төгетініне, ел қамын ойлайтынына сенім артамыз. Еліміздің болашағы үшін осындай оң бастамалар көп болғай!

Аруна МҰРАТОВА, 

Тасқопа ауылдық округі.

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button