Жаңалықтар

Көрімдікке домбыра берді

Шалқар ауданында Ұлттық домбыра күні дүние келген нәрестенің ата-анасы Әлібек Төлеуов пен Гүлімжан Демесіноваға домбыра тарту етілді.

Әр қазақтың жүрегінен орын алатын ұлттық аспапты табыстарда аудандық аурухананың перзентхана бөлімінің меңгерушісі Қалдыбике Абашова:

«Киелі домбырамыз әр қазақтың төрінде болуы тиіс. Осындай ерекше күні өмірге келген сәбилеріңіздің бауы берік болсын. Ұлы күйші, ақын-жыршы бабаларымыздай дараланып, өнерлі болып көпке танылсын»,— деп тілегін білдірді. Қуаныштары еселене түскен Әлібек пен Гүлімжан да аудандық аурухана ұжымына ризашылықтарын білдірді.

Аудандық аурухана басшылығының мәліметінше, қазіргі таңда демографиялық ахуалда ілгерілеушілік байқалады. Жыл басынан бері аудан бойынша 274 сәби дүниеге келген. Өткен маусым айында  босанған 65 ананың қатарында егіздерді өмірге әкелгендер де бар екен.

 Мұхтар МЫРЗАЛИН,

Шалқар қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button