Жаңалықтар

Алаяқтардан сақ болыңыз!

Соңғы уақытта интернет арқылы болатын алаяқтықтық әрекеттердің жиілеп кетуіне байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің клиенттерге қоңырау шалмайтынын және қарыздарын өтеуді немесе төлқұжат деректерін тексеруді сұрамайтынын ескертеді.

Сондай-ақ аталған орталық қызметкерлері борышкерлердің деректер базасын көрмейтінін, азаматтардың банк шоттарын бұғаттай алмайтынын және шетелге шығуға тыйым сала алмайтынын хабарлайды. Клиенттермен барлық қарым-қатынас тек 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар SMS-хабарлама арқылы клиенттерге брондау уақыты, құжаттардың қолданыс мерзімінің аяқталуы, мемлекеттік қызметтер бойынша берген өтініштерінің нәтижесі туралы хабарланады.

Мамандар тұрғындарға барынша қырағылық танытуды және бөгде адамдарға өздерінің паспорт деректерін немесе цифрлық қолтаңбаларын бермеуді сұрайды. Алаяқтар сіздің жеке кабинетіңізге кіре отырып, сіз туралы ақпараттарды өз пайдасына жаратуы мүмкін.

А.БОЛАТБЕКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button