Жаңалықтар

ӘКІМ КУБОГЫ — «БУНЕДКОРДА»

Содан кейін облыс әкімі Оңдасын Оразалин Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Елорда күніне орай ұйымдастырылған футболдан V халықаралық турнирдің жеңімпаздарын марапаттау шарасына қатысты.
28 маусым мен 3 шілде аралығында 2005 жылы туған жасөспірімдер арасында облыс әкімінің кубогі үшін футболдан V халықаралық турнир өткен болатын. Бесінші жыл қатарыСодан кейін облыс әкімі Оңдасын Оразалин Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Елорда күніне орай ұйымдастырылған футболдан V халықаралық турнирдің жеңімпаздарын марапаттау шарасына қатысты.нан ұйымдастырылып келе жатқан шараға биыл Өзбекстан Республикасынан екі команда келіпті. Барлығы 8 команда қатысқан жарыста 1-орынды Өзбекстаннан келген «Бунедкор» командасы жеңіп алса, 2-орынды Ақтөбе футбол мектебінің командасы алды. Ал 3-орын да өзбекстандық «Насаф» командасына бұйырды.

— Спорт — адамды шынықтырады, жетістіктерге жетелейді, қиыншылықтарды жеңуге үйретеді. Жарыс болған соң, жеңіс те жеңіліс те болады. Бірақ оған ренжуге болмайды. Елорда күні қарсаңында ұйымдастырылған жарыстың барлық қатысушыларына, әсіресе Өзбекстаннан келген жас футболшыларға рақмет айтамыз. Жеңісті күндерің көп болсын! — деді облыс әкімі.
Жарыс жеңімпаздары грамоталармен, арнайы медальдармен және сыйлықтармен марапатталады. Ал бірінші орынға ие болған командаға облыс әкімінің арнайы кубогімен қатар 500 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button