Жаңалықтар

Жол картасының жүзеге асырылу барысы тұрақты бақылауда

«Ақтөбеде Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралды», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сәрсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен Nur Otan партиясының ​ сайлауалды бағдарламасының өңірде жүзеге асырылуы бойынша жиын өтті. Жиынға партияның облыстық, қалалық және аудандық филиалдарының өкілдері, аудан әкімдері, бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары бейнебайланыс арқылы қатысты.

Ақтөбе облысында сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыратын облыстық, қалалық және 12 аудандық жол карталары жасалды.

Тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру, кәсіпкерлікті, білім беруді дамыту, қалалар мен ауылдардағы инфрақұрылымдарды дамыту және жаңғырту, халықтың жұмыспен қамтылуын көбейту және т.б. жобалар қарастырылған.

Жиын соңында облыс әкімі Жол карталарының уақтылы әрі тиімді орындалуы бойынша барлық тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.

Бақылау тұрақты болуы керек. Бұған Nur Otan фракциясының барлық деңгейдегі депутаттарын, қоғамдық кеңес мүшелерін тарту қажет. Қалалық деңгейге де, аудандық деңгейге де міндетті түрде қоғамдық бақылау орнатылуға тиіс. Сайлауалды бағдарламаның сапалы жүзеге асырылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық-саяси тұрақтылығына тікелей әсер етеді,— деп атап өтті облыс әкімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button