Әдебиет

Әдеби жәрмеңке ұйымдастырылды

Ақтөбе қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі«Арбат» демалыс алаңында «Біздің жазғы жайдары күндеріміз — кітапханада» атты әдеби жәрмеңке өткізді.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған жәрмеңкеде қала тұрғындарына кітап көрмелері ұсынылып, ата-аналарға кітап оқудың пайдасы, атап айтқанда, кітап оқу баланың ойлау қабілетінің мықты болуына, білім көкжиегін кеңейтуге, шешен сөйлеп үйренуіне септігін тигізетіні туралы әңгімеленді.Көрмеге қойылған кітаптарға библиографиялық шолу жасалды. Жас мамандар ақын-жазушылардың туындыларынан үзінділер оқыды. Сонымен қатар кішкентай оқырмандарсұрақ-жауап, әдеби ойындар, т.б. түрлі жарыстарға қатысты. Кітапханашылар балаларды жазғы демалыстың бір бөлігін кітапханада өткізуге, кітап оқуға шақырды.

Т.Ахтанов атындағы «Атамұра» кітап үйінің қызметкерлері жеңілдікпен кітаптар сатылымын ұйымдастырды.

Іс-шарада қалалық Мәдениет үйінің жас өнерпаздары менҚазақ саңыраулар қоғамының қалалық Мәдениет үйі жанындағы халықтық «Мы Вас любим» клоунада театрының артистері өнер көрсетті.

Гүлзайда ТАМАБАЙ,

Ақтөбе қалалық орталықтандырылған

кітапхана жүйесінің әдіскері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button