Денсаулық

Донор болу — сауапты іс

14 маусым — Бүкіләлемдік донор күні. Осыған орай облыстық үкіметтік емес ұйымдар ассоциациясы ғимаратында қан тапсыру акциясы өтті.

Дәстүрлі шара аясында облыстық қан орталығы мен Қазақстан Қызыл Ай қоғамы облыстық филиалы арасында арнайы меморандумға қол қойылған.

— Шараның мақсаты — тұрғындарды науқастардың өмірін сақтап қалу үшін ерікті қон доноры болуға шақыру, қан тапсырып жүрген белсенді азаматтарға алғыс айту.

Әрбір 18 жасқа толған дені сау адам қан доноры бола алады. Жыл бойы мекемелерде «Мен донормын» акциясы өткізіліп тұрады. Акцияға қатысқан адамдардың ішінен  тұрақты қан доноры болуға шешім қабылдағандар базаға тіркеледі. Олар қан топтары бойынша қажет кезде қан тапсыруға арнайы шақырылатын болады. Қан беру — өзге біреуге жаңа өмір сыйлаумен тең. Сондықтан ақтөбеліктерді қан тапсырып, сауапты іске атсалысуға шақырамын, — дейді Қызыл Ай қоғамы облыстық филиалының директоры Нұрлан Үдербай.

Бұл күні 30-ға жуық адам қан тапсырды. Олардың қатарында сирек кездесетін қан тобының азаматтары да бар. Тұрақты қан донорлары Қызыл Ай қоғамы облыстық филиалы атынан марапатталды.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button