Жаңалықтар

«e-Salyq Azamat» — салық төлеушілерге оңтайлы шешім 

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті тұрғындарды «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады.

Аталған мобильді қосымшада жеке тұлғалардың салықтық міндеттемелерді орындауы үшін қажетті сервистер жинақталған. Атап айтар болсақ: жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну; банк бөлімшелеріне бармай-ақ және комиссиясыз салықтарды төлеу;  салық берешегін тексеру; артық төленген салық сомасын есепке алу; мүлік, жер және көлік салығын тексеру және есептеу; салық салу объектілерін (жылжымайтын мүлік, көлік және жер) қарау; жылжымайтын мүлік, жер учаскесі және көлік туралы мәліметтерді түзетуге өтінім жіберу; жұмыс берушілердің жалақыны, ұсталған табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер сомасын есептеуін тексеру; Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету орталықтарына баруға онлайн брондау.

Департамент жіберген мәліметке сүйенсек, Қазақстанда жарты миллионнан астам азамат «Е-Salyq Azamat»  мобильді қосымшасын жүктеп алып үлгерген. Қазіргі таңда 13 мыңға жуық жеке тұлға салық салу объектілері бойынша деректерді түзету сервисін пайдаланып отыр. Сондай-ақ  жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде декларацияларды тапсыру сервисі де белсенді түрде пайдаланыла бастады. Бұл процеске қатысатын 484 мың азаматтың 271 095-і декларацияны мобильді қосымша арқылы тапсырған.  Салық әмиянының қызметін 49 960 азамат пайдаланып,  шоттарын жалпы сомасы 92 миллион теңгеден астам сомаға толықтырған. 

Айта кетейік, «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын App Store немесе Play Market-тен жүктеуге болады.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button