Жаңалықтар

Медиация кабинеті ашылды

Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаевтың бастамасымен аудан орталығы Шұбарқұдық кентінде медиаторлық қызмет көрсететін кабинет ашылды.

Аталған кабинеттің ашылуында Ақтөбе қаласынан арнайы келген облыстық «Медиаторлар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің басшысы, кәсіби медиатор С.Балпейісова мен Темір аудандық сотының төрағасы Н.Бақтығалиев медиация кабинетінің маңыздылығын атап өтіп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

Ашылу рәсімінен соң аудан әкімдігінің ғимаратында медиация саласындағы облыстың білікті мамандарының қатысуымен мәжіліс өтті. Мұнда аудандық соттың төрағасы Н.Бақтығалиев соттағы медиация рәсімін қолдану тәжірибесі туралы баяндама жасады. Қатысушылар осы бағыттағы ойларымен бөлісті.

Кездесу соңында облыстық «Медиаторлар кеңесі» қоғамдық бірлестігі, Темір аудандық соты және аудан әкімдігі өзара ынтымақтастық аясында үшжақты меморандумға қол қойды.

Алдағы уақытта орталықта осы бағытта біліктілік курстарынан өткен ауданның жергілікті медиатор-кеңесшілері жұмыс жасайтын болады. ​Ал медиатор-кеңесшілердің мақсаты — жеке азаматтар мен отбасы мүшелерінің арасындағы дау-жанжалдарды сотқа жеткізбей, бітімгершілік жолымен шешуге көмектесу, отбасы құндылықтарын дәріптеп, некені сақтауда орталықтың көмегіне жүгінген тұрғындарға кеңес беріп, қолдау білдіру.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button