Ерлан Қарин Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.
Жиын барысында өңірлерде мемлекеттік рәміздерді пайдалану бағытындағы бақылауды күшейту және жұмыстың тиімділігін арттыру ұсынылды. Сонымен қатар бекітілген стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдарға мемлекеттік рәміздерді дайындайтын мекемелермен жұмыс атқару ұсынылды.
Отырыстың қорытындысы бойынша Ерлан Қарин мемлекеттік органдарға заңнамалық базаны жетілдіру, мемлекеттік және ведомстволық наградалардың бірыңғай жүйесін ретке келтіру үшін бірлескен жұмыстарды өзара үйлестіруді тапсырды.