Денсаулық

Балаларға тегін!

Елімізде 6,5 миллионнан астам бала МӘМС жүйесінде барлық қажетті медициналық көмектерді тегін ала алады.

Бала 18 жасқа дейін халықтың жеңілдік  берілген санатына кіреді, сондықтан мемлекет есебінен сақтандырылады. Әрбір бала үшін мемлекет ай сайын 2 989 теңге мөлшерінде жарна төлейді. Қордың мәліметінше, қазіргі уақытта МӘМС жүйесінде 6 миллион 549 мың бала сақтандырылған. Олар  МӘМС пакетінде медициналық көмектің кеңейтілген тізіміне қол жеткізе алады. Қор барлық қажетті бағыттар бойынша балалар денсаулығын қаржыландыруға ерекше көңіл бөледі.

Биыл бала туғаннан бастап 5 жасқа дейін профилактикалық тексеру жүргізу үшін  12 миллиард теңге бөлінді. Қаңтар-сәуір айларында балаларға 3,6 миллиард теңгеге скринингтік зерттеу жүргізілді. Ауруды және даму бұзылыстарын уақтылы анықтау үшін профилактикалық тексеру қызметі 4,4 миллион балаға көрсетілсе, 900 мыңнан астам бала  скринингтен өткен.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button