«Ақтөбе — құтты мекен»

Балалар — кітап әлемінде

2021 жыл елімізде Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы болып жарияланды.

Осыған орай, «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы бойынша Ақтөбе қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №3 кітапхана «Өмірі де, өнері де өнеге — Ахмет Жұбанов» атты кітап көрмесін өткізді. Көрме Ахмет Жұбановтың 115 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды.

Осы көрмемен қатар, балаларға арналған «Жаз бойы — кітаппен» атты көрме де жасалып, оған 60 шақты кітап қойылды. Көрме маңында балаларға лайықты түрлі ойындар, жарыстар ұйымдастырылды. Бұл шараларға келген балалар көрмедегі кітаптарға да қызығушылық танытып, парақтап қарап, өздеріне ұнаған кітапты алып оқысты.

Қызықты ойындарға, ребустар шешуге белсене қатысқан ойыншыларға сыйлыққа кітапшалар ұсынылды. Көрмені тамашалаған қала тұрғындарына, балаларға кітапханалардың мекенжайы, телефон нөмірі жазылған визиткалар таратылды.

Кітапханалар мұндай шараларды жаз бойы ұйымдастырмақ. Өтетін уақыты: жұма, сенбі күндері сағат 19.00-21.00 аралығы. Қала тұрғындарын ақылдың кені — кітаппен достасуға, балаларды кітап оқуға баулу мақсатымен өткізілетін шараларға қолдау көрсетуге шақырамыз.

                            Салтанат МҰХТАР,

№3 қалалық кітапхананың меңгерушісі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button