Денсаулық

Облыс сары аймақта тұр

Брифинг

14-15 мамыр күндері өңірдегі инфекциялық ауру көрсеткіші күрт өсіп, облыс қызыл аймаққа көшкен болатын. Алайда 16 мамыр күні эпидемиологиялық ахуал деңгейі төмендеп, қайта сары аймаққа енді.

Бұл туралы кеше өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен брифингте

облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров мәлімдеді.

— Арнайы Ұлттық сараптама орталығының деректеріне сәйкес 14 мамыр күні коронавирус инфекциясын жұқтырған — 90, 15 мамырда 89 жағдай тіркелді. Ал өткен жексенбіде 50 жаңа жағдай анықталды. Соңғы тәулікте көрсеткіш төмендегеннен кейін, бүгін облыс сары аймаққа еніп отыр. Өздеріңіз байқағандарыңыздай, эпидемиологиялық жағдай құбылмалы. Ахуал күн сайын өзгеріп тұр. Аурушаңдықтың  өсу  деңгейі — 0,5 пайыз, — деді Мұхтар Сербаев брифинг барысында.

Оның айтунша, былтыр 1 қыркүйектен бастап 7235 облыс тұрғыны вирус жұқтырса,  оның 13,5 пайызы — 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер. Оқушылар арасында барлығы 581 жағдай тіркелген. Ал соңғы тәулікте оқушылар арасында — 1, балабақшаға баратын балалар арасында 1 жағдай анықталған. Қазіргі таңда үй карантиніне 3714 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Облыс аумағында блок-бекеттер жоқ. Мобильді мониторингтік топ өкілдері эпидемияға қарсы рейдтік тексерулер жүргізуді жалғастыруда. Бүгінгі күні координациялық орталықтардан түскен шұғыл хабарлама негізінде жоспардан тыс 47 тексеру жүргізген.

— Соңғы тәулікте пневмония бойынша 7 жағдай тіркелді. Жалпы, пандемия басталғалы вирус жұқтырған 9051 науқас жазылып шықты. Қазіргі таңда инфекциялық стационарларда — 552, жансақтау бөлімшелерінде 51 науқас ем алуда. 7 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Сондай-ақ КВИ бойынша 47 жүкті әйел, 56 бала бақылауға алынса, 7 бала стационарлық ем алуда. Мәртөк және Қарғалы аудандарындағы карантиндік стационарларға 19 адам жатқызылды. Инфекциялық кереуеттер жүктемесі 37 пайызды құрайды.

Биыл ақпан айынан бастап облысқа «Спутник V» вакцинасының — 105 200, «QazVac» вакцинасының — 2 000 және «Hayat-Vax» вакцинасының 24 100 дозасы жеткізілді. Бүгінгі күні барлығы бірінші компонентпен 71 020, екінші компонентпен 28 837 адам екпе алды. Вакциналауға қатысты жұмыстар жүйелі жалғасуда, — деді Бекболат Ізбасаров.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button