Денсаулық

МӘМС: сақтандырылдыңыз ба?

Қазақстан халқының  84,4%-ы сақтандырылған. Бұл — 15,9 миллион адам. МӘМС жүйесінен 2,9 миллион қазақстандық тыс қалған. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының»  басқарма төрағасы Болат Төкежанов хабарлады.

— Сақтандырылмағандардың ішінде 2 миллион адам тұрақты түрде жарна төлемейді. Сондықтан  берешек пайда болады және медициналық сақтандыруда  мәртебесі  болмайды. Төлемдерді жүйелі төлеп отыру керек. 922 мың адам МӘМС үшін бірде-бір рет жарна төлемеген. Дегенмен олардың саны азайып келеді. Жыл басында  бір жарым есе көп болды, яғни 1 428 мың адам жарна төлемеген болатын, — деді Б.Төкежанов.

Қор басшысы шағын және орта бизнес қызметкерлерінің тізімін өзектендіру қажет екенін атап өтті. Өткен жылы пандемия кезінде қолдау көрсету үшін Үкіметтің шешімі бойынша шағын және орта бизнес субъектілері міндетті төлемдерден, оның ішінде МӘМС төлеуден босатылған болатын.  Шағын және орта бизнес қызметкерлері сақтандыру мәртебесіне ие болуы үшін олардың мәліметі дерекқорға уақытында енгізіліп отыруы қажет.

Қазіргі уақытта жарна төлеуден босатылған жұмыс берушілердің шамамен 20%-ы өз қызметкерлерінің тізімін өзектендірген жоқ. Осыған байланысты оларда сақтандыру мәртебесі жоқ және медициналық көмек алу кезінде шектеулер бар.   Жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін жауапкершілік таныту керек. Қордың ақпараттық жүйесіне олардың деректерін енгізу қажет, — деді Болат Төкежанов.

Сондай-ақ қор басшысы бірінші тоқсанда қорға  183 млрд теңге түскенін хабарлады. Түсімдердің ең көп сомасын мемлекет төлеп отыр, яғни жеңілдік берушілер үшін 95,4 млрд теңге жарна аударған. Бұл түсімнің — 52%-ы

Кәмшат  ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button