Білім

Ұшқыр ойлы ұйымдар

Турнир

Республикалық «Ұшқыр ой алаңы» жобасын іске асыру мақсатында «Бірлігіміз жарасқан» турнирі өтті.

Шараны өткізуге  Ақтөбе пікірталас орталығы және «Алматы-Дарын» талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйытқы болды. Турнирге Ақтөбе және Алматы облыстарының білім беру ұйымдары қатысты.
Сайыста 56 фракция бақ сынап, жарыс тартысты өтті. Қорытындысында Ақтөбе қаласындағы №51 мектеп-гимназиясының «Капелла» фракциясы I орынды жеңіп алды. ІІ орынды Мұғалжар аудандық «Парасат» фракциясы иеленді. Ал Алға аудандық «Alga, QAZAQ» және «Блокпост» фракциялары үздік үштікке еніп, номинациялармен марапатталды.
Жүлдегерлерге «Алматы-Дарын» орталығының дипломдары табысталды.

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button