Білім

Республикалық олимпиада қорытындысы: 40 жүлдегер оқушы. 4 үздік мектеп

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде біздің облыстың 40 оқушысы жүлдегер атанды. Білім бәйгесінде өңір мектептерінен жалпы 75 оқушы бақ сынаған болатын.
Қорытындысында облыс мектептерінің қоржыны 8 алтын, 7 күміс, 25 қола медальдармен толықты.

Олимпиадаға жолдама алған балалардың барлығы «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының жанындағы «Жалын» олимпиадалық резерв мектебінің дайындығынан өткен болатын.
Білім сайысында оқушыларымыз жақсы нәтиже көрсетті. Олардың ішінде 4 білім шаңырағы ел бойынша үздік атанды. Яғни облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация», Ақтөбе қаласындағы №23 орта мектеп-лицейі, №9 орта мектеп-гимназиясы, №1 орта мектеп республикадағы 100 үздік мектептің қатарына қосылды, — дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлназ Мырзағалиева.
Айта кету керек, биыл еліміздегі пандемия жағдайына байланысты республикалық олимпиада өңiрлердегі және республикалық маңызы бар қалалардағы «Ustudy» орталықтарының ғимаратында өткiзiлдi.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button