Білім

Жас маман және жаңа технология

Семинар

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінде «Білім беру процесінде заманауи технологияларды пайдалану» тақырыбында өңіраралық семинар өтті.

Жиынға облыстық білім басқармасы, «Talap» кәсіптік білім орталығы, біздің өңірдің, сондай-ақ Атырау облыстық ғылыми-тәжірибелік орталықтары, APEC PetroTechnic Атырау жоғары колледжінің мамандары қатысты.
Шараны «Жас маман» жобасы аясында аталған оқу орны мен облыстық ғылыми-тәжірибелік орталық ұйымдастырды.
Өткен оқу жылында «Жас маман» жобасын жүзеге асыру барысында Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінде 11 кабинет халықаралық талапқа сәйкес жаңа құрылғылармен жабдықталды. Соған байланысты аталған оқу орны білім берудің жаңа стандартына көшуде. Мұндағы мақсат — білікті мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені енгізу.
Семинар барысында жаңа технологиялармен жабдықталған кабинеттерде кабинет меңгерушілері, арнайы пән оқытушылары, оқу-өндіріс шеберлері құрал-жабдықтар мен қондырғылардың қалай жұмыс жасайтынын көрсетіп, шеберлік сағатын өткізді.

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button