Білім

 «Алтын сақа» олимпиадасы басталды

26 сәуір күні   математика пәні бойынша «Алтын сақа» олимпиадасының  республикалық кезеңі басталды.

Шара «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатыр.

Бұл жарыс оқушылардың математикалық білімді меңгере отырып алған білімін тәжірибе жүзінде шыңдауға, сондай-ақ олимпиада резервін  қалыптастыруға септігін тигізеді, — дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлназ Мырзағалиева.

Білім сайысына облыстық кезеңде жүлдегер болған 5-6 сыныптың 10 оқушысы бақ сынап жатыр. Олардың арасында Ақтөбе қаласының, сондай-ақ Ырғыз, Темір, Мұғалжар аудандарының оқушылары бар.

Оқушылардың  орындаған тапсырмалары сканерленіп, республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының ұйымдастыру комитетіне жіберіледі. Сайыс қорытындысы 29 сәуір күні жарияланады.

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button