Әлеумет

14 578 қызмет электрондық форматта көрсетілді

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту, электрондық форматта қызметтердің санын ұлғайту, сондай-ақ тұтынушылар санын көбейту мақсатында Ақтөбе қаласы әкімдігі мен Ақтөбе облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесе отырып халыққа электрондық сандық қолтаңба алудың маңыздылығы жайында түсіндіру шарасын жүргізеді. Бұл орайда қала әкімі апаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімі мамандары Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен бірлесе отырып Ақтөбе қаласындағы №6 орта мектеп ұжымында тәжірибелік семинар өткізді. Семинарда мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы негізгі міндеттер мен басым міндеттер талқыланды.

Бүгінгі күні әрбір адамда электрондық сандық қолтаңбаның болуы өте маңызды. Электрондық сандық қолтаңбаның қызметін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) бармай-ақ, онлайн режимде ұзартуға болады. Мұндай қызмет Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының (ҚР ҰКО) www.pki.gov.kz сайтында қолжетімді.  ЭЦҚ кілтін оның жұмыс жасау мерзімі аяқталғанға дейін ғана создыруға болатынын айта кеткен жөн. Егер де қолтаңбаның мерзімі аяқталған болса, пайдаланушыларға сандық қолтаңбаны іске қосу үшін ХҚКО-на баруға тура келеді.

Қалалық мемлекеттік мекемелермен халыққа көрсетілетін 106 мемлекеттік қызметтердің 51 түрін электронды форматта, оның ішінде көптеген электрондық сандық қолтаңба арқылы алуға болады.
Былтыр қалада электрондық форматта 14578 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттің негізгі міндеті — тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, мемлекеттік қызметші мен келуші арасындағы байланысты электронды форматқа көшіру. Бұл — сыбайлас жемқорлық, құқықбұзушылықты туындататын жағдайларды жоюға ықпал ететін шара.

Д.МАХАТОВА,

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының

мемлекеттік қызметтер көрсету

мәселелерін үйлестіру бөлімінің

бас маманы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button