Пікір

Ел еңсесі көтеріледі

Әділ ҚОЖАЕВ,

«АСЛАНБЕК» шаруа қожалығының басшысы

Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін Үкімет ауылды дамытудың 5 жылдық жоспарын әзірлеуге кірісті. Нәтижесі жаман болмас деген сенімдемін. Сонау жылдары ауылдық жерлердің күнкөрісі қиындап кетіп, туған жерінен үдере көшкендер көп болды. Кейбір ауылдар қаңырап бос қалды.Мал шаруашылығы ыдырап, егістік алқаптар игерілмей қиындықтар туғаны есімізде. Енді мемлекетіміз ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөліп, нақты қамқорлықтар жасала бастағаны көңіл қуантады. Қазір елдің жағдайы бұрынғыға қарағанда жақсарып келеді. Жастар кәсіппен айналысып, еліне пайдасын тигізіп жатыр. Мен де әке жолын жалғастырып, мал шаруашылығын қолға алдым. Шаруашылығым жаман емес. Қолымнан келгенше игілікті істерге көмектескенді жақсы көремін. Елімізде болып жатқан іс-шараларға демеушілік көрсетіп, күнкөрісі төмен отбасыларға малымды сойып, қамқорлық көрсетіп келемін. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылға көңіл бөлуі сондағы елдің әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Алдағы күндері ауыл жастары жұмыспен қамтылып, еңбек етулеріне жағдай жасалады деген сөз. Олай болса, ел үмітін ақтап, ауылдың өркендеп- өсуіне біздің де көмегіміз қажет. Ақын Нұрпейіс Байғаниннің толғауында мынадай өлең жолдары бар: «Жалқаулар жатып ішер арамтамақ, ондайлар болады ғой елге салмақ». Жатыпішер қай заманда да жақсы атақ алмаған. Еңбек еткеннің еңсесі биік жүреді. Ауылдың көркеюіне бәріміз атсалысайық!

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button