Басты жаңалықтар

Кемшіліктер түзетілуі керек

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның  кезектен тыс отырысы өтті. 

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы, құқық қорғау органдары және жауапты басқармалардың басшылары қатысты.

Отырыста ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Досанов облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2018-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы баяндама жасады.

Оның айтуынша, департамент жанынан құрылған арнайы мониторингтік топтың жүргізген талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмыс  сапасы тексерілген. Талдау барысында бірқатар облыстық басқармалар мен аудан әкімдіктерінде стратегияны орындау жоспарының уақтылы бекітілмеуі және орындалмауына қатысты кемшіліктер байқалған. Осыған орай аталған мекемелерге жіберілген кемшіліктерін жою үшін қарқынды жұмыстар жүргізу ұсынылған.

Жиын соңында Оңдасын Оразалин облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауовқа жауапты саланың басшылары мен аудан әкімдіктері тарапынан кеткен кемшіліктер бойынша тиісті жұмыс жүргізуді және оларды бақылауда ұстауды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button