Құқық

Мас жүргізушіні ұстады

17 сәуір күні түнгі уақытта патрульдік полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізген 23 жастағы жігітті ұстады.

«ВАЗ-2114» автокөлігін мінген жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде полиция қызметкерлері оның есірткіден мас болғанын анықтады. Сонымен қатар жүргізуші бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған болып шықты.

Аталған дерек бойынша қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 1-бөлігі («Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, есірткіден мас болған адамның көлік құралын басқаруы») негізінде тергеу амалдары жүргізілуде. Автокөлік арнайы тұраққа қойылған. Жүргізуші Ақтөбе қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті автокөлік жүргізушілерінен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді. Мас күйіңізде көлік басқарсаңыз, оның салдары орны толмас қайғыға немесе шығынға әкелетінін ескеріңіз.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button