Жаңалықтар

Бірыңғай ұлттық қауымдастық тұтынушы мүддесін қорғайды

Қазақстан тұтынушыларының бірыңғай ұлттық қауымдастығын құру идеясы міндетті мүшелік, олардың юрисдикцияларында қалыпты деп танылған елдердің халықаралық тәжірибесіне негізделген. Мысалы, Германияда 30-дан астам қоғамдық ұйым тұтынушылардың бірыңғай одағына біріктірілген, онда әртүрлі салалар (сауда, қаржы, сақтандыру және т.б.) бойынша білікті сарапшылар жұмыс істейді және бұл дауларды мемлекеттік құрылымдардың қатысуынсыз шешуге мүмкіндік береді. Осындай институттар Сингапурда, Жапонияда және Австрияда тиімді жұмыс істейді.

Олардың негізгі міндеті — заңнаманы қалыптастыру және іске асыру кезінде тұтынушылардың мүдделерін қолдау.

Біздің елге келетін болсақ, қазіргі таңда Қазақстанда тұтынушылардың 112 қоғамдық бірлестігі тіркелген, олардың 47-сі бір уақытта тұтынушыларды да, кәсіпкерлерді де қорғауды жүзеге асырады, 65-і тек тұтынушылардың мүдделері үшін әрекет етеді, олардың 40-қа жуығы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасауда белсенді.

Сонымен қатар қоғамдық бірлестіктерде салалық белгі қалыптаспаған, мәселелерді шешуде салалар мамандандырылмаған және бірыңғай тәсіл жоқ. Олардың көпшілігі бытыраңқы жұмыс жасап, бір-бірінің идеологиясына жиі кедергі келтіреді, бұл мемлекеттік орган мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастың тиімсіздігіне әкеліп соғады.

Сондықтан қоғамдық ұйымдарды бір қауымдастыққа біріктіру бірлестіктер институтын «саннан сапаға» қағидаты бойынша қайта форматтауға мүмкіндік береді, өйткені тұтынушылар үкіметтік емес ұйымдардың сенімділігі мен маңыздылығы туралы білгісі келеді.

Бүгінгі күні елде тіркелген тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдар ұйымдар санының елеулі артуы бар, осы негізде ауылдық жерлерді қоса алғанда барлық үкіметтік емес ұйымдардың тең мүмкіндігін қалыптастыратын әділ азаматтық қоғам қамтамасыз ету маңызды.

Бұл ретте сауда, қаржы, медицина, туризм және т.б. сияқты тар бейінді бағыттардағы салаларда үкіметтік емес ұйымдар қызметін дамыту, тұтынушылық дауларды шешуге мемлекеттің қатысуын барынша азайту көзделуде.

Өз кезегінде, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен

институты мемлекеттік органдардың тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиісті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін қадағалау үшін ұсынылды.

Сондай-ақ ол азаматтық қоғамның спикері рөлін және бірыңғай ұлттық қауымдастықтың өкілдік функцияларын өзіне алады. Оны сайлауды азаматтық қоғамның өзі жүзеге асырады. Ұсынылған бастамалар ҚР Сауда және интеграция министрлігі ұйымдастырған жұмыс топтарында, конференцияларда, азаматтық форумда 2020 жылғы 4 тоқсан ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі неғұрлым белсенді 40 қоғамдық бірлестіктің өкілдерімен бірнеше рет талқыланғанын атап өту маңызды. Азаматтық қоғамның қызу талқылауының нәтижесінде қоғамдық ұйымдарды бір қауымдастыққа біріктіру идеологиясы жалпы қолдау тапты.

Жұмамұрат АЛДАШЕВ,

облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button