Жаңалықтар

Ауыл тұрғындарына арналған гранттар

Конференция

Облыстық үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы кеңсесінде «Ауылда азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» республикалық жобасы бойынша онлайн баспасөз конференциясы өтті.

Жобаны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мемлекеттік гранты аясында Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы іске асыруда.

Облыстық үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті Айгүл Дүйсенованың айтуынша, жоба 2021 жылдың наурыз-қараша айлары аралығында жүзеге асырылмақ. Ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын арттыру, халықтың өзекті мәселелерін шешу мақсатында бастау алған жоба аясында бастамашыл азаматтарға қаржылық және консультациялық қолдау көрсетілмек. Бұл бағытта ауыл тұрғындары арасында бірқатар оқыту іс-шаралары өтеді.

Семинарлар мен тренингтерге қатысушылар арасында өз жобаларын іске асыруға 500 мың теңгеден шағын гранттар байқауы ұйымдастырылады. Сараптамалық комиссия конкурстың критерийлеріне неғұрлым жауап беретін 60 жобаны іріктейді.

Жоба барлығы 40 миллионнан астам теңгені құрайды. Сәтті жүзеге асырылған жобалар туралы бейнероликтер дайындау жоспарлануда.

Жоба туралы толық ақпаратты 8 701 668 48 78 телефон нөмірі арқылы білуге болады.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button