Жаңалықтар

Сақтық шаралары жүргізілуде

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, биыл халықаралық және республикалық маңызы бар Самара — Шымкент және Ақтөбе — Орынбор автожолдарында транзиттік жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғалары жиі тіркелген.

Соңғы үш айдың қорытындысы бойынша, аталған жол бағыттарында 23 жол-көлік оқиғасы болған. Онда 45 адам зардап шегіп, 13 адам қаза тапқан. Осыған байланысты патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Жайсаң» шекара бекетіндегі жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жолға шыққан кезде жүргізушілерге метеорологиялық жағдайлар ескертіліп, көлік жылдамдығын асырмау, жол қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау туралы айтылып, авариялық-қауіпті орындар көрсетілген жадынамалар таратылды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары коронавирус инфекциясының таралуы кезінде санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтауды ескертті.

 А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button