Құқық

«STOP-трафик»: келеңсіз көріністерге тосқауыл

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі биылғы наурыз айының 24-нен 26-сына дейінгі аралықта «STOP-трафик» оперативті-алдын алу шарасын өткізді. Ақтөбе станциясының полиция желілік бөлімі белгіленген жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізді.

Аталған шара аясында жезөкшелік және жеңгетайлықпен шұғылдану үшін әдейі ғимараттарды ұсыну және осы бағыттағы келеңсіз әрекеттерді іске асырудың алдын алу мақсатында көңіл көтеру орындарында, монша кешендерінде, сауналарда, қонақүйлерде жедел-іздестіру шаралары іске асырылды. Сонымен бірге сауда құрбандары туралы жарияланымдарды белгілеу үшін және оларға байланысты жедел шара қолдану, жан-жақты тексеру жүргізу мақсатында БАҚ, сайттар мен әлеуметтік желілер (Facebook, Twitter, Вконтакте, инстаграм, телеграм) мониторингі жүзеге асырылуда.

Түрлі шаруа қожалықтарында, ауыл шаруашылығы алқаптарында, құрылыс нысандарында, т.б. жерлерде мәжбүрлі жұмысқа салу деректерін анықтауға да назар аударылды.

 Ж.БЕЙІСОВ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button