Мәдениет

Гүлмира — келіндер сайысының жеңімпазы

Сайыс

Өткен аптада «Арай» мәдениет үйінде «Пай-пай, қазақтың келіндері-ай!» атты аудандық келіндер сайысы өтті.

Ұлттық салт-дәстүрді, тіліміз бен дінімізді өскелең ұрпаққа насихаттау, неке мен отбасы құндылықтарын алға тарту мақсатында өткен сайысқа аудандағы ауылдық округтерден 8 келін қатысты. Олар сайыстың ережесіне сәйкес 4 кезең бойынша сынға түсті.

Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін таныстырса, екінші кезең — «Бәйгеде» ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты сұрақтарға жауап берді. Ал «Өнерлі келін — өнегелі келін» атты бөлімде келіндер өз өнерлерін көрсетіп, әннен шашу шашты. «Шебердің қолы ортақ» атты 4-кезеңде келіндер өздерінің тоқыған, тіккен қолөнер бұйымдары мен әзірлеген ас мәзірлерін қазылар алқасына ұсынды.

Сайыстың қорытындысы бойынша келіндер арасында Ырғыз ауылынан қатысқан Гүлмира Ахметова бас жүлдені жеңіп алса, 1-орынды Ырғыз ауылының тұрғыны Дана Орысбай иеленді. Ал 2-орын мен 3-орын осы ауылдың атынан қатысқан Гүлжайнар Балтабаева мен Гүлімай Жақсылыққа бұйырды.

Шара соңында жеңімпаздар арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтармен

марапатталып, қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.

Д.ҚАЗИХАН,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button