Жаңалықтар

Жұма намазы оқыла бастайды

5 наурыздан бастап Ақтөбе мешіттерінде, ұзақ үзілістен кейін, жұма намазы оқылады.

Облыстың бас имамы Төлеби Оспан жұртшылыққа осы сүйінші хабарды жеткізе отырып, індеттің одан әрі таралуына жол бермеу үшін санитарлық талаптарды барынша сақтау керектігін де еске салды.

Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 24 ақпанда өткен отырысының қорытындысына сай, індеттің таралу көрсеткіші бойынша 7 күн бойы «жасыл аймақта» тұрған өңірлердегі мешіттерде 1 наурыздан бастап жұма намазын өткізуге рұқсат беру туралы шешім қабылданған еді. Дегенмен намазға қатысушылардың саны мешіт сыйымдылығының 30 процентінен аспауы керек.

Облыстың бас имамы Төлеби Оспан жас балалар мен қарт кісілердің әзірге жұма намазына қатыспай тұра тұрғандары жөн екенін айтты. Сондай-ақ тұмау ауруының белгілері бар сырқаттар мен денсаулығы әлсіз адамдар да көпшілік арасына бармауы керек.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button