Жаңалықтар

«Рамазан» халал өнімдер шығарады

Сертификат

Өңіріміздегі ең ірі кәсіпорындардың бірі «Рамазан» ЖШС-ның өнімдері халал сертификатына ие болды.

Бұл жөнінде облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» мекемесінің сертификаттарын кәсіпорын басшылығына облыстың бас имамы Төлеби Оспан табыстады.

«Рамазан» ЖШС халыққа бидай ұны, макарон өнімдеріне арналған жұмсақ ұн, нан, тоқаш және печеньенің он үш түрін ұсынады. Міне, осы өнімдердің халал стандартына сай екендігін алдағы уақытта «Халал Даму» мекемесінің облыстағы өкілі тексеріп отыратын болады.

«Рамазанның» өнімдері арасында жұмыртқа да бар. Алайда әзірге жұмыртқа халал сертификатын алған жоқ. Кәсіпорын басшылығы алдағы уақытта «Халал Даму» мекемесінің талаптарын орындап, жұмыртқаға да сертификат алуға ниетті.

«Рамазан» ЖШС — облыс бойынша халал сертификатын иеленген 19-шы кәсіпорын.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button