Жаңалықтар

Басқарма басшысы көлігін  қарттарға сыйлады

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев қызметтік көлігінен бас тартып, қарттар үйіне берді.  

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қаңтар күні қызметтік көлікті қысқартуға тапсырма берді. Көліктің күтімі мен жанар-жағармайына көп қаржы жұмсалады, әрі қазір көлікке мініп, алшаңдап жүретін уақыт емес. Індеттің қаупі жоғары. Осыдан кейін өзім шешім қабылдап, «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне хабарластым. Көлік жүргізушімді жұмыстан босатып, 2018 жылы шыққан жаңа қызметтік көлігімді қаттар үйіне тапсырып отырмын. Көлік маркасы  «Toyota Camry 50».  Машинаның техникалық жарамдылығы өте жақсы.

Індеттің қаупі әлі сейілген жоқ. Жасы 60-тан асқан адамдар көшеде көп жүрмегені жөн. Адам көп шоғарланатын орындарға бармағаны дұрыс, —  деді Рүстем Исаев.

Басқарма басшысы енді жұмысына жаяу барады.

Біріншіден, өзім жеке көлігіммен жүремін. Екіншіден, жұмыс орным мен үй арасы жақын. Күнде таңертең жаяу келіп, үйге жаяу барамын. Таза ауада жаяу жүрген  пайдалы. Өзімнің үш орынбасарым бар. Үшеуі де өз көлігімен жүр. Ешкімнен кем емес, мемлекетке шығын келтірмейді, —  деді Рүстем Исаев. Қарттар үйі директорының емдеу ісі жөніндегі меңгерушісі Гүлмира Нұртазинаның айтуынша, қарттар үйінде 3 көлік бар. Бұған дейін науқас жандарды ауруханаға, емханаға апару үшін УАЗ көлігін пайдаланып келген. Ал бұндай көлікке қарияларды мінгізіп, түсірудің өзі қиын. Гүлмира Нұртазина енді қарттар жеңіл көлікке мінетінін айтып, басқарма басшысына алғысын білдірді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button