Басты жаңалықтарМәдениет

Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығында ән салды

17 қаңтарда АҚШ президенті Джо Байденнің инаугурациялау апталығының ашылуына арналған салтанатты іс-шарада Ақтөбеден шыққан өнер иесі «Самалтау» халық әнін орындады.

Коронавирустық инфекциясының пандемиясына байланысты бұл шара да онлайн режимде өтті.

Дәстүр бойынша салтанатты шараны бауырлас қалалардың халықаралық қауымдастығы – Sister Cities International ұйымы өткізді.

Бұл АҚШ-тың сайланған президентін инаугурациялау апталығын ашатын іс-шарада Sister Cities International мен АҚШ және Қазақстан қарым-қатынасының бүкіл тарихында Қазақстаннан алғаш рет артис қатысқан кез болды.

Шарада белгілі спикерлер мен орындаушылар сөз сөйледі, олардың арасында губернатор Билл Анабутти, Джозефина Биверс, генерал-майор Армандо Кабада, конгрессмен Элеонора Холмс Нортон, майор Тим Келлер, сенатор Боб Менендез, Кэрол Робертсон Лопез, т.б. бар.

Sister Cities International бас директоры Лерой Аллала өз кезегінде қазақстандық орындаушының шығармашылығы адамдарды, олардың мәдениеті мен тілін біріктіретінін атап өтті.

Сонымен қатар Димаштың 20 қаңтарда Sister Cities International ресми сайтында тағы бір ән орындауы көрсетілетіндігі жарияланды.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button