Жаңалықтар

Ауланы қардан тазартты

Акция

Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық пробация қызметі бірлесіп, «Ардагерлерді ардақтайық» акциясын ұйымдастырды. Пробация есебінде тұрған азаматтар жалғыз тұратын Жолдығали Сатығалиев атаның үйіне барып, ауласын қардан тазартып берді. Одан кейін есепте тұрғандар арасында аудандық спорт мектебінде шахмат ойынынан жарыс өткізілді.

— Пробация есебінде тұрған азаматтарды қоғамнан оқшауламай, қамқорлық, қайырымдылық істерге тартудағы мақсатымыз — оларды ортаға бейімдеу. Қай кезде болмасын, жастар жағы біздің шарамызға белсене қатысып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын береді. Сонымен қатар спорттық ойындарға да тартып, қызықты басқосулар өткіземіз. Егер көп қол күшін қажет ететін жұмыстар болса, еріктілер де ереді, — дейді аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Мейрамбек Музамелұлы.

Оның айтуынша, мұндай қайырымдылық шаралары қысы-жазы жалғасып, үлкендерден ақы емес, алғыс алатын жастарды көптеп жұмылдырмақ.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button