Құқық

Алаяқтан сақ болыңыз!

Соңғы кезде әртүрлі жолмен ақша табуды көздеген алаяқтар көбейіп барады. Мәселен, облыстық полиция департаментінің қызметкерлері үй сатып алуға көмек көрсетемін деп, бір тұрғыннан 500 000 теңге және  енді бірінен жүргізуші куәлігін алып беремін деп 130 мың теңге ақша алған алаяқтарды ұстады. Аталған фактілер негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған бап бойынша алаяқтық жасаған адамға  бір мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады немесе түзеу жұмыстарына тартылады. Екі жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді.

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері ақтөбеліктерді аса сақ болуға және алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Құнды заттарды, ақшаны танымайтын адамдарға бермеген жөн. Белгісіз адамдарға сеніп, банк карточкаларына ақша аударуға болмайды. Егер мәміле жасалмаса, оларды қайтарып алу қиын.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button