Жаңалықтар

Көше шамдары жарқырай бастады

Аудан

Ембі қаласындағы 51 көшенің 19-ына көше шамдары орнатылды. Әсіресе, түнде көшеге жарық, қалаға көрік беріп тұр.

Былтыр Жем, Ж.Тлепбергенов, Есет батыр көшелеріне, К.Алпанов көшесінің №2 орта мектеп маңайына 200 дана, биыл А.Құнанбаев, З.Елубаев, Ғ.Жанесов, Ж.Әміров көшелеріне 183 дана диодты көше шамдары орнатылды.

Келер жылы қала ішіндегі барлық көшелерге диодты көше шамдарын орнату үшін «Олжа» ЖШС басшылығымен Ембі қаласының əкімдігі меморандумға отырды. Демеушілік көмек арқылы сметалық-жобалау құжаттарын әзірлеуге «Байлық» ЖШС-на қажетті қаржы беріліп, бүгінгі күні олар аталған жұмыстарды бастап кетті.

Алдағы 2021 жылы Ембі қаласының көшелері түгел жарықтандырылып, қала тұрғындарының, әсіресе, балалардың қауіпсіздігіне оң әсерін тигізетін болады.

Жандос АБАЙҰЛЫ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button