Спорт

Біздің бестік

Әлем чемпионаты-2022

Осы аптада 2022 жылы өтетін Әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жеребе тарту рәсімі өтті.

Командалар 10 топқа бөлінген бұл додада Қазақстан ұлттық құрамасы «D» тобына түсті. Қарсыластары — Франция, Украина, Финляндия мен Босния және Герцеговина құрамалары.

Жерлестерімізге тап болған 4 құрамының қай-қайсысы да қалпақпен ұрып алуға келмейтін командалар.

Киллиан Мбаппе, Поль Погба, Антуан Гризманн тәрізді атақты футболшылары бар Франция туралы әңгіменің басы ашық.

Бұлардың ізінен Украина еретіні де жақсы мәлім.

Өткен айда болған жолдастық кездесуде Финляндияның сырт алаңда Франция құрамасын 2:0 есебімен ұтқанын ескерсек, бұл құрама да тезек теріп қалмайтыны белгілі.

Ал Босния және Герцеговина ше? Рас, биылғы сегіз кездесуде бұлар бірде-бір жеңіске жете алған жоқ. Дегенмен нағыз жанкүйерлер қауымы бұл ел футболының сыртта, яғни «Барселона», «Милан», «Торино» тәрізді еуропалық танымал клубтарда ойнайтын жұлдыздары бар екендігін жақсы біледі.

Қалай болғанда да, тағы да «не бел кетеді, не белбеу кетеді» деп кіріспеске амал да жоқ.

Е.АҚАТҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button