Әлеумет

33 отбасыға көмек көрсетілді

Қайырымдылық 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев өзінің сөзінде карантин кезінде жағдайы төмен, аз қамтылған, жәрдемге мұқтаж көптеген отбасыға көмек көрсетіліп отырғанын атап айтты. Ал осы қайырымдылық шарасында ақтөбелік жеке кәсіпкердің атынан 33 отбасының әрқайсысына 100 мың теңгеден қаржылай көмек берілді. Игілікті шараға облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли де қатысып, сөз сөйледі. Ол қайырымдылық шараларына үзбей атсалысып келе жатқан азаматтарға қалың жамағат атынан алғысын жеткізді. Жиналғандар арасынан жасы үлкен ана көпшілікке батасын берді.

33 отбасыға көмек қолын созған жомарт жанның қайырымдылығы сауапқа жазылғай дейміз.

 Гүлсамал, ТӨРЕДЕНҚЫЗЫ,

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің баспасөз хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button