Құқық

Сотталғандар жұмысқа орналасты

Пробация

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты Алматы аудандық пробация қызметі сотталғандарды өңірдегі құқық қорғау органдары және қоғамдық бірлестік өкілдерімен  кездестірді. Мақсат — әртүрлі бұзақылықтары үшін  сотталған азаматтарды қоғамға бейімдеу кезінде туындайтын мәселелерді шешу.

Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің бастамасымен сотталған азаматтардың мәселесін шешуге арналған кезекті кездесуге Алматы аудандық прокуратурасы, «Дәріс» қоғамдық бірлестігі, «Сенім Тірек» қоғамдық бірлестігі, сондай-ақ «Батыс Қазақстан медиациялық және келіссөздер» орталығының өкілдері қатысты. Алматы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Анар Ермұхамедованың айтуынша, түзеу мекемелерінен босаған сотталғандардың көбісінің орта білімдері жоқ және сотталғанына байланысты жұмысқа орналаса алмайды. Түзеу мекемесінен босаған кейбір сотталғандардың туысқандары басқа қалаға көшіп, ортақ баспананы сатып жіберген. Сөйтіп, олар үйсіз қалып, көп жағдайда қайта қылмысқа барады. Ал бұның ақыры бас бостандығынан айырылумен шектеледі.

Дөңгелек үстел басында мәселелер ортаға салынды. Алматы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған төрт сотталғанның екеуінің жұмысқа орналасу мәселесі шешілсе, екі сотталғанның әлеуметтік жағдайына қатысты проблемасы шешімін тапты.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button