Құқық

«Оқуға түсіремін»  деп алдап, ақша алған…

Қылмыс

Жақында 41 жастағы жергілікті тұрғын 43 жастағы әйел адамнан Алтынсарин көшесінде алаяқтық жолмен қаладағы университеттердің біріне «грантқа түсуге көмектесемін» деген сылтаумен 1 млн 200 мың теңге ақша алған.  Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

16 қараша күні жәбірленуші полиция қызметіне алаяқтық туралы арыз түсіреді. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуді бастады. Осы баптың санкциясы — мүлкі тәркіленіп, мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Ақтөбе облысының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға және алаяқтардың арбауына түспеуге шақырады. Бұл ретте ешбір жағдайда өз дербес деректеріңізді және шот нөмірлерін бөгде тұлғаларға хабарламау, әлеуметтік желілерде тауарларды сатып алу-сату туралы шарт жасамау, ақша қаражатын күмәнді электрондық немесе банктік шоттарға аудармау, тауарды терминалдар, экспресс-төлемдер арқылы төлемеу, жеке сипаттағы ақпаратты ашық түрде орналастырмау, банкоматтардан қосымша қызметтерді қоспауға кеңес береді.

М.РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button