Жаңалықтар

Жеті адам коронавирус жұқтырды

Мәлімет

15 қараша күні облыста коронавирус жұқтырған жеті адам тіркелді. Оның екеуі Ақтөбе қаласынан болса, төртеуі Шалқардан және қалған екі адам Хромтау мен Мәртөк аудандарынан  тіркелген. Аурушаңдықтың өсу  деңгейі — 0,2%.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3412 адам  тіркелді, оның 49%-ы ауру белгілерімен (1671) және 51%-ы симптомсыз (1741) жағдай. 3298 науқас жазылып шықты. Ақтөбе қаласында 2436 адам ауырса,  Әйтеке би — 20, Алға — 94,  Байғанин — 57, Ырғыз — 54,  Қобда — 14, Қарғалы — 52, Мәртөк — 71, Мұғалжар — 172, Темір — 190, Ойыл — 21, Хромтау — 118, Шалқар ауданында 113 адам вирус жұқтырған. Жалпы тіркелген 3412  науқастың 3%-ы сырттан келген.  472 науқас ауру адаммен байланыста болған. Профилактикалық мақсатта тексерілгендердің саны — 973. Қазіргі таңда үй карантиніне 354 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Бетперде киіп, антисептикалық сұйықтықтарды пайдаланған жөн. Адамдар жиі шоғырланатын жерге бармаған дұрыс. Той және өзге де басқосуларды шектеу керек. Мамандар санитарлық талапты орындап жүру арқылы  індеттің алдын алуға болатынын ескертеді. 

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button