Құқық

«Браконьер» іс-шарасы

Ақтөбе облысында 12 қазаннан бастап  браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Оның мақсаты — табиғат қорғау заңнамасын бұзу және табиғатты заңсыз пайдалану фактілерін, заңсыз өндірілген объектілер мен биоресурстар өнімдерін сатып алу, өткізу орындарын, сондай-ақ олардың заңсыз айналымымен айналысатын топтар мен тұлғаларды анықтау. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі берген ақпарат бойынша,  Алматы ауданының №3 қалалық полиция бөлімінің аумағында 20 құқықбұзушылық анықталған, оның ішінде 13-і – аң аулау ережелерін бұзу және 7-еуі су жануарларын заңсыз аулау.

«Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы 11-қазанға дейін жүргізіледі.

М.РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button