Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу — басты міндет

Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының коворкинг орталығында «Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.
Шараның негізгі мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қоғамдағы құқықбұзушылықпен күресу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнату.

Кездесуге С.Бәйішев, Қазақ-орыс халықаралық университеттерінің  және Ақтөбе автожол колледжінің студенттері қатысты.

Кездесу барысында қазіргі таңда жастар арасында және жалпы қоғамдық орындарда жиі болатын құқықбұзушылықтың түрлері айтылды. Сондай-ақ кейбір отбасында байқалатын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, алдын алу шаралары, қоғамдық көліктерде қалта ұрлығынан қалай сақтану керек екендігі түсіндірілді.

Шараға қатысқан Жергілікті полиция басқармасы патрульдік полиция қызметін ұйымдастыру тобының инспекторы Әсет Сағынтаев  қоғамда жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлеріне және нақты деректерге тоқталды.

  • Бүгінде жастар арасындағы құқықбұзушылық— өзекті мәселелердің бірі. Жыл басынан бері қаладағы қоғамдық орындарда 2018 құқықбұзушылық тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 50 пайызға аз. Бұл биылғы карантин режимімен байланысты деуге болады. Себебі барлық тамақтану, көңіл көтеру, ойын-сауық орталықтары жабық болды. Ал жасөспірімдер арасында құқықбұзушылыққа қатысты 94 дерек тіркелген.

Қазір қалада кез келген жерде бейнекамера орнатылған. Қоғамдық орындарда 208 камера бар. Сондай-ақ қазір барлық ірі сауда орындарының маңында тәртіп сақшылары қауіпсіздікті бақылайды, — дейді ол.

Сонымен қатар полиция инпекторының айтуынша, тұрғын үйлердің подъездерінде шылым шегу деректері жиі кездеседі. Мұндай жағдайда әкімшілік жаза қолданылып, айыппұл салынады.

Шара соңында жастар құзыретті органның маманына толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button