Басты жаңалықтар

Бақылау топтарының жұмысы күшейтіледі

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына байланысты мәселелер қаралды.
Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысты.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін жеткізді.
Оның айтуынша, өңірдегі 37 бақылау тобы 1282 заңбұзушылықты анықтап, 92,3 млн теңгеге 727 тұлғаға айыппұл салынған.
— Топтардың соңғы аптадағы жұмыстарының нәтижесін талдай келе кейбір аудандардағы жұмыстар нашар деген қорытындыға келдік. Қобда, Ойыл, Қарғалы, Алға аудандарында тұрғындар отбасылық, еске алу шараларын өткізуді жалғастыра берсе де, заңбұзушылық деректері аз анықталған. Топтардың құрамына депутаттарды, қоғам белсенділерін қосып, бұл жұмысты жандандыру керек. Анықталған деректердің барлығын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаған дұрыс, — деді Нұржауған Қалауов.

Бұдан кейін жиында медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту, дәрілік заттардың, жеке қорғаныс заттарының қорын жасауға қатысты сұрақтар талқыланды.
Қазір өңірде жағдай тұрақты, алайда бұл өз-өзімізді жұбатуға себеп емес. Жаз айларында бұл бағытта атқарылған жұмыстарда бірқатар қателіктер кетті, қазір соларға жол бермеуге тиіспіз. Коронавирус инфекциясы таралмауы үшін оның алдын алуымыз қажет, — деген облыс әкімі жауапты тұлғаларға тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button