Құқық

14 адамға әкімшілік хаттама толтырды

Облыстық полиция департаменті өкілдерінің және қоғамдық көмекшілердің қатысуымен Ақтөбе қаласындағы Теміржол вокзалы аумағында рейд жұмыстары жүргізілді.

Қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында ұйымдастырылған рейдтік іс-шаралар енді апта сайын жұмадан жексенбіге дейін өткізіледі.

— Бүгін қоғамдық көмекшілердің үш тобы полицейлермен бірге рейдке шықты. Қоғамдық көмекшілер үш адамнан, яғни  белгілі мекеме қызметкерлерінен құралған азаматтық топтан тұрады. Олар полиция өкілдерімен бекітілген аумақтарды тексеріп, бақылау жүргізеді. Сондай-ақ кез келген заңбұзушылық болған жағдайда полицияға хабарлауы керек. Олардың әрқайсысын біздің бір полиция инспекторы басқарады. Бүгін «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы филиалы құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінен 18 қоғамдық көмекші патрульге шықты. Рейд жұмыстары алдағы уақытта жалғасады, — дейді облыс прокурорының көмекшісі Нұрбек Тұрышев.

Қоғамдық көмекшілер кешкі сағат 19.00-ден 23.00-ге дейін қоғамдық орындар, ойын-сауық орталықтары, алаңдар, көп қабатты үйлердің аулалары мен адамдар көп жиналатын орындарда рейд жүргізді.

Рейд барысында мас күйінде көшеде жүрген, қоғамдық тәртіп бұзған 14 адам анықталып, әкімшілік хаттама толтырды.

Тұрғындардың қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ету әрдайым полицейлердің қолынан келе бермейді. Қоғамдық  тәртіпті сақтау — қоғамдық мәселе. Облыста болып жатқан басқа да іс-шараларға, рейдтерге шығатын болсақ, бекітілген учаскелік полицейлердің саны сол ауданға қызмет етуге жеткіліксіз. Сондықтан қоғамдық көмекшілердің көмегі өте маңызды, — дейді учаскелік инспектор, полиция аға лейтенанты Жәнібек Құлғарин.

 Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button