Құқық

Атқарушылық санкциясы қандай жағдайларда орындалады?

Сот

Мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық құжат толық орындалғаннан кейін борышкерге өндіріп алынған соманың немесе мүлік құнының он пайызы мөлшерінде немесе мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жеке адамдардан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және заңды тұлғалардан жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекет кірісіне атқарушылық санкциясын ерікті түрде төлеуді ұсынады.

Борышкер бас тартқан жағдайда мемлекеттік сот орындаушысы борышкерден атқарушылық санкциясын өндіріп алу туралы шығарылған қаулы негізінде атқарушылық санкциясын өндіріп алады.

Егер борышкер атқарушылық құжат мәжбүрлеп орындатуға ұсынылғанға дейін толық көлемде атқарушылық құжатты орындаса; атқарушылық құжат бойынша өндірілген сомадан он пайызы мөлшерінде өндірілуге тиісті атқарушылық санкциясы бір айлық есептік көрсеткіштен аз болса; борышкер мемлекет болып табылса, атқарушылық санкциясы өндірілмейді.

Атқарушылық санкциясы республикалық бюджетке аударылады. Борышкер атқарушылық санкциясын өндіріп алу туралы сот орындаушысының қаулысын дауға салу туралы арызбен, оны өндіріп алудың мерзімін кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, оның мөлшерін азайту немесе атқарушылық санкциясын өндіріп алудан босату туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге қққылы.

 Ш.ЕРМАҒАМБЕТОВА,

№1 сот актілерін орындау ауданаралық аумақтық бөлімінің басшысы-аға сот орындаушысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button