Жаңалықтар

Жазылу науқаны басталды

Баспасөз — 2021

«Ақтөбе» мен «Актюбинский вестник» газеттерінің бас редакторлары Бауыржан Өтеулиев пен   Айгүл Нүркеева Мұғалжар ауданына келіп, оқырмандармен жүздесті.  Аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландиннің төрағалығымен өткен жиында  бас редакторлар басылымдардың бүгінгі жай-күйі туралы ақпар берді. Алдағы жоспарлары туралы айтып, жұртшылықты облыстық газеттерге жазылуға шақырды. Олардың айтуынша, желтоқсан айының аяғында  жазылушылар арасында лотерея ойнатылмақ. Бағы жанғандар тоңазытқыш, шаңсорғыш, т.б. жүлделерге ие болады.

Бас редакторлар, сондай-ақ газеттің тұрақты оқырмандары Амангелді Шунимов пен Муханбетулла Кемерге, сондай-ақ Мұғалжар аудандық ауруханасы мен «Коммуналшы» мекемесіне Алғыс хат, бағалы сыйлықтар тапсырды. Өз кезегінде олар баспасөздің қоғам өміріндегі рөлі туралы айта келіп, облыстық басылымдар туралы жылы лебіздерін білдірді.

Жандос Айтжанов,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button