Құқық

Тұтынушы құқығын қорғау: Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі артады

Жақында ҚР Үкіметінің отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды, онда Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов отандық тұтынушылардың қанағаттанбау деңгейі тұрақты жоғары екенін, ал мемлекеттік органдар олардың мүдделерін қорғауға асықпайтынын атап өтті.

Сондай-ақ министр отырыс барысында жеті бастаманы ұсынды, оның пікірінше, оның іске асырылуы жағдайды түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді.

Олардың ішінде тұтынушылардың барлық қоғамдық ұйымдарын біріктіретін, өңірлерде кең таралған өкілдіктері бар Ұлттық тұтынушылар қауымдастығын құру мүмкіндігін қарастыру және сонымен бір мезгілде үкіметтік емес ұйымдардың негізінде омбудсмен институтын құруды атап өтуге болады. Тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктерді министрліктер мен әкімдіктер жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрамына қосу, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдардың қызметтерін бағалау көрсеткіштеріне (KPI) тұтынушылар тарапынан қанағаттану мен олардың жұмыстарына сенім деңгейін енгізу, тұтынушылардың мүдделері мен құқықтарын толығымен ескере отырып, мемлекеттік және жеке ұйымдар үшін Ерікті іскерлік ережелер мен үлгілік келісімшарттарға нормаларды қабылдау мәселелері де маңызды.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қолдаумен тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар облысымызда қазірдің өзінде тәжірибеге белсенді түрде енгізілуде.

Облыс әкімінің бастамасымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша салааралық жұмыс тобы құрылды. Оның мақсаты: тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың, азаматтық сектор, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің және халықтың күш-жігерін біріктіру. Аудан әкімдеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау және оларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ақшалай қаражат бөлу бойынша қоғамдық бірлестіктер құру тапсырылды. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың тұтынушылар алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында облыс әкімі жергілікті атқарушы органдардың ережелеріне өз құзыреті шегінде  мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету туралы талаптарды енгізу туралы тапсырмасын берді.

Облыс басшысы аталған мәселелерді  басты назарға алу мақсатында,  тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жергілікті атқарушы органдарда іске асыруға жауапты құрылым ретінде облыс әкімінің аппаратын белгіледі.

Жұмамұрат АЛДАШЕВ,

Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы. 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button