Жаңалықтар

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

29.09.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 2 жағдай тіркелді. Оның екеуі де – симптомсыз ауру.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3246 жағдай тіркелді, оның ішінде 48,9%-ы ауру белгілерімен (1589) және 51,1%-ы симптомсыз (1657) жағдай. 3177 (97,9%) науқас жазылып шықты.

Ақтөбе қаласында – 2340 жағдай, оның ішінде (1047 симптомсыз), Әйтеке би – 20 (8), Алға – 93 (75), Байғанин – 58 (37), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 14 (13), Қарғалы – 26 (16), Мәртөк – 50 (22), Мұғалжар – 173 (125), Темір – 191 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 101(50), Шалқар ауданы – 105 (59).

Жалпы тіркелген 3246 науқастың 2,3% (77) сырттан әкелінген, 13,6% (442) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 83,9% (2727) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,3% (919) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 41 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button