Төбеден түскен ұры

Қылмыс
Облыстық полиция департаменті ақтөбеліктерге жеке мүлкін сақтау кезінде қауіпсіздік шараларын күшейту керектігін ескертеді.
Бейнебақылау камераларынсыз, күзет немесе сигнализация жүйелерінсіз үй-жайларды және бағалы заттарды қараусыз қалдыруға болмайды. Себебі ұрлық көп. Мәселен, 16 қыркүйек күні полиция бөліміне 58 жастағы ақтөбеліктен арыз түсті. Ол қыркүйек айының басында А.Молдағұлова даңғылындағы үйдің төбесінен 4 титан дискінің ұрланғанын айтты. Полицейлер күдікті ретінде 35 жастағы тұрғынды ұстады. Күдікті азамат ғимараттың төбесіне шығып, титан дискілерді ұрлап кеткен. Шығын — 40 мың теңге. Ұсталған азамат қылмысын мойындады, ұрланған зат тәркіленді.
Аталған факт негізінде ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
К.ҚОПАЕВА.