Пікір

Ауыл — алтын бесік

Ж.НҰРЖАНОВА,

Әйтеке би аудандық музейінің қызметкері.

Елімізді індет жайлаған кезде бәрімізді дәрі-дәрмек мәселесі алаңдатты. Қажетті дәріні таппай, дәріхана жағалап кеттік. Тіпті көрші елдерден алдырғандарды көрдік.  Бұл жағдай еліміздің фармацевтика саласында кемшіліктердің бар екенін көрсетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында осы мәселені көтеріпті. Отандық фармацевтика саласын аяғынан тік тұрғызу керектігін, негізгі дәрі-дәрмектер мен медицина бұйымдары Қазақстанда өндірілуі тиіс екенін, бұл — ұлттық қауіпсіздік мәселесі екендігін айтқан.

Жалпы Президенттің Жолдауында біраз мәселе қамтылыпты. Облыс орталығынан шалғай тұратындықтан, ауылға қатысты тұсына көңіл бөлдім. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес екенін айтыпты. Шаруаларға жағдай жасап, олардың еркін жұмыс жасауына мүмкіндік беру керектігін ескерткен.  Соңғы жылдары біздің ауданда ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамып келеді. Әсіресе мал ұстайтындардың қатары артты. Сондықтан Президенттің бұл тапсырмасы өте орынды.

Медицина бір ізге түссе, ауыл шаруашылығы саласы дамыса, өзге саланың да бағы жанары анық. Қазіргі күні ауыл халқы үшін осы екі бағыттың маңызы зор.

Басқа жаңалықтар

Back to top button